Қаулы заңды күшіне енген
Маңғыстау облысында әйелін балағаттап, қылғындырған ер адамға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
«Түпқараған аудандық сотында 2024 жылы 8 наурызда С.Шапағатов ауылы тұрғыны азамат Е. әйелі Н-мен сөзге келіспей қалып, оны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, бір қолымен мойнынан қылғындырып, тән ауруына ұшыратып, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған күш қолданған. Сот қаулысымен Е-ға ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген.