Бүгін ауа райы қандай болады?
Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/05/02/663304638074e002166987.jpeg)
Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, шығыста, түнде Қарағанды облысында, Абай, Жетісу облыстарында жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі.
Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батыста, солтүстікте, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді.
Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар.