Halyq Uni логотип
×

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қаза тапты

Төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан

 Халық үні 01.05.2024 | 19:19
Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қаза тапты
фото: b

Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір адам қаза тапты.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 1 мамыр күні таңғы сағат 05:18-де Әуезов ауданында орналасқан төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.

«Әуезов ауданы №7 ықшам ауданы мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шықартумен жіберілген ТЖД күштері мен құралдары пәтердің 30 шаршы метр жерін шарпыған өртті 05-45-те оқшаулап, 05-52-де толық сөндірді. Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды», - деп хабарлады департаменттен. 

Өрт орнынан 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ 34 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 48 маманы мен 12 техникасы тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама