Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады

Жиын Алматыда өтеді

 Динара Амантай 01.05.2024 | 13:22
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптайтынын айтты.

Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты іске асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді, – деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама