×

Су тасқыны: 41 мыңнан аса адам өз үйлеріне оралды

Апат басталғалы 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды

 Динара Амантай 01.05.2024 | 12:01
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылып жатыр. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен іске асырылады.Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсарыда су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Осы сағатта республика бойынша 41 005 адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жағалауды нығайту жұмыстары, су басқан аумақтардан су сору және судың бағытын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан  Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылды.

Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 мыңнан астам адам, 1 773 техника, 271 су сору құралы және 184 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама