Halyq Uni логотип
×

127 заңсыз қоқыс орны анықталды

Табиғатты ластауға қатысты 19 мыңнан аса  әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

 Динара Амантай 01.05.2024 | 11:19
127 заңсыз қоқыс орны анықталды
Фото: Halyq Uni

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан.

Жалпы 19 274 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты болған.

ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама