ҚазМұнайГаздың бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
Ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
«ҚазМұнайГаз» АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік іздеудегі адам туралы сенімді ақпаратқа ақшалай сыйақы берілетінін атап өтті.
Экс-басшы аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Ведомство ол туралы қандайда бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:
+7 7172 708 478, +7 7172 767 921.
Айта кетейік, Ибулла Серді 1999 жылы Мұхаметжан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2005 жылдары – «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ келісімшарттар және тендерлік рәсімдер мониторингі департаментінің бас маманы;
2006 жылдан – «Қазақстан темір жолы» АҚ сатып алуды бақылау және мониторинг бөлімі басшысының орынбасары.
2009 жылдан – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да менеджер, бас, жетекші, маман, Маңғыстау өндірістік филиалының директоры болды.
2011 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ шарттар мен бағалар мониторингі департаментінің директоры, кейін басқарушы директоры;
2013 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары;
2014 жылғы қазаннан бастап – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы);
2015 жылғы шілдеден – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі – басқарма мүшесі;
2015 жылғы қыркүйектен – «Интергаз Орталық Азия» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
2015 жылғы желтоқсаннан – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары;
2016 жылғы наурыздан – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі;
2016 жылғы тамыздан – «ҚазМұнайГаз» АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі аға вице-президенті;
2017 жылғы тамыздан бастап – «ҚазМұнайГаз» АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті;
2018 жылғы маусымнан бастап – «ҚазМұнайГаз» АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі басқарушы директоры;
2020 жылғы қарашадан – «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
«Құрмет» (2015 жылы) ордені және тағы басқа медальдармен марапатталған.