«1414-тен келген хабарламаны ашпаңыздар»: «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ мәлімдеме жасады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға 1414 нөмірінен жіберілген хабарлама жалған емес екенін мәлімдеді
WhatsApp желісінде 1414 нөмірінен келген хабарламаны ашпауға шақырған хабарлама тарады.
«Сілтемені ашпаңдар, ХҚКО сайтын алаяқтар бұзған. Ашқандардың барлығына несие рәсімдеп жатыр, таныстарыңызға және туған-туыстарыңызға жіберіңіздер» дегенген ақпаратта.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға 1414 нөмірінен жіберілген хабарлама жалған емес екенін мәлімдеді.
«1414 нөмерінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді. EGov mobile мобильді қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда, сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтармен бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері қазақстандықтарға көрсетілген сілтемеге өтіп, eGov mobile мобильді қосымшасын орнатуға болатынын айтады.