Өскеменде мас әйел өзгенің көлігін айдап кеткен (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Скрин видео

Өскеменде полиция өзгенің көлігін айдап кеткен әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Таңғы сағат 5:00-де қаладағы Үлбі полиция бөліміне 30 жастағы тұрғын арызданған. Ол Toyota Progres көлігін танымайтын әйел айдап кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы автокөліктің бағытын анықтады. Патрульдік полиция экипажы көліктің ізіне түсіп, 27 жастағы жүргізушіні ұстады. Әйел орташа дәрежеде мас болған. Ол қылмыс жасағанын мойындады.

Әйелдің үстінінен қылмыстық іс қозғалды.