«Өнегелі ұрпақ»: Алматыда жастар мен ардагерлер алма бағын жандандырып отыр

Динара Амантай

Тақырыптық апталық аясында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы – алма. Көшеттер Алматының әртүрлі ауданында, оның ішінде «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, ALA саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Іс-шараға Алматыдағы жасыл желектер мен алма бағын жандандырға ниетті барлық жастағы қала тұрғыны белсенді қатысты.

Қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Асылы Осман мұндай бастамалар өмірдің барлық саласында экологиялық мінез-құлықтың жаңа үлгісін дамытады деп санайды.

Біздің қала гүлденіп, өзгере берсін, бәріміз оны қорғауымыз керек. Жасыма қарамастан, бүгін осы акцияға қатысамын, өйткені Алматы біреу, әркім өз үйіне қамқорлық жасауы керек, – деді профессор Алматыда жауапты ұрпақтың өсіп келе жатқанын атап өтіп.

Оның пікірінше, ағаш отырғызу сенбіліктен ауқымы әлдеқайда үлкен, өйткені мұндай іс-шаралар – біріктіруші фактор.

Бізде жыл сайын ағаш отырғызудың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Қала әкімдігінің Алматының Алма қаласы ретіндегі даңқын жандандырудағы ниеті қуантады! Біз бәріміз алма көшеттерін отырғызуға қуана атсалыстық, – деді тұрғын Пернегүл Аманова.

Әуезов ауданында 400 көшет отырғызылды. Іс-шараға жастар, ардагерлер, әлеуметтік сала, отбасын қолдау орталығы, «Өрлеу» әлеуметтік клубының қызметкерлері қатысты. Әуезов ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәтима Ибраева, қоғам қайраткері, Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Төлеуғали Тайтөлеев және т.б. ағаш отырғызды.

Алмалы ауданының жастары 850 көпжылдық сәндік бұта мен 80 алма көшетін отырғызуға белсенді атсалысты.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен мердігерлік ұйымға жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, барлық ағаштар кепілдікке ие әрі жыл сайын өмір сүру деңгейіне комиссиялық тексеру жүргізіледі. Көшеттер солып қалған жағдайда, мердігер ұйым кепілдік міндеттемелерін қайтадан қамтамасыз ете отырып, оларды жаңасымен алмастыруға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.