×

Павлодарда қалалық саябақтың жерлері ірі кәсіпорынға заңсыз берілген

Кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

 Динара Амантай 30.04.2024 | 16:46
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Павлодар облысының прокуратурасы қалалық саябақ аумағының бір бөлігін көппәтерлі 2 тұрғын үй құрылысына заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Металлургтер» паркінің ауданы 1,2 гектар болатын жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған мақсатта пайдалану үшін Eurasian Resources Group компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға заңсыз берілген.

Қадағалау актісі бойынша рұқсат беру құжаттарының күші жойылып, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Саябақ аумағы қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама