Шығыс аймақтарда 37 мыңнан аса адам тасқыннан аман қалды
28 елді мекенге қауіп төнген
ШҚО-да 37 мыңнан аса адам су тасқынынан аман қалды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол шешім уақытында қабылданып, тасқынға қарсы бөгеттер салынғанын атап өтті.
Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филлиалы 37 мыңнан аса тұрғыны бар 28 елді мекенді су басудан аман сақтап қалды. Қоймаларда тасқын суын қабылдау үшін алдын ала бос орын дайындалып, суды өзендерге бұру үшін 10 бөгет салынды. Сондай-ақ суды арналар арқылы бұру шаралары ұйымдастырылды, - деді Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, сел жүруі мүмкін екені хабарланған болатын.