«Астана-Қостанай» пойызына жаңа бағыт қосылды
10 маусымнан бастап қоғамдық көлік Ақтөбеге барады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биылғы 10 маусымынан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» бағытында жүретін «Тальго» жүрдек пойызының маршрутын Ақтөбе станциясына дейін кеңейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Жалпы №81/82 пойызы Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станцияларды басып өтеді.
Пойыз күнделікті Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтілетін болады.
Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатыла бастады. Жолаушылар билеттерді https://bilet.railways.kz/ сайтынан немесе теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып ала алады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі бойынша алуға болады.