×

3,1 миллионнан астам оқушы лагерьлерде демалады

11 мыңнан аса демалыс орны балаларды қабылдауға дайын

 Динара Амантай 30.04.2024 | 14:11
Фото: Halyq Uni

Елімізде әртүрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 млн-нан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір.

Балалар мен олардың ата-аналары үшін қолжетімді сауықтыру бағдарламалары, орналасу шарттары мен қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы ақпарат қамтылған «Балаларға базарлық» және «Қауіпсіз жаз» ақпараттық пакеті дайындалды. Сонымен қатар өңірлерде жаңадан 5 сауықтыру орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға беріледі, – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Еске сала кетсек, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі бекітілді. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп, заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді. Қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылып, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама