Halyq Uni логотип
×

Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады

Қос мемлекет байланысты нығайтуға ниетті

 Дәурен Ерболат 30.04.2024 | 12:44
Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады
Фото: Telegram/Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.

Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 млрд доллардан асқанын атап өтті.

Сондай-ақ Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует барын жеткізді.

Ақордада өткен кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама