Ол қайтыс болған жағдайда елді Мемлекеттік кеңес басқарады
Ресей президенті Владимир Путинге ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Енді оған Н.Н.Блохин атындағы Ұлттық онкология медициналық орталығында шұғыл ота жасалады.
Бұл туралы белгілі израильдік журналист, «Толығырақ» интернет-басылымының шолушысы Марк Котлярский хабарлады.
Оның айтуынша, Блохин атындағы орталық ғимаратының бірі операцияға дайындалып жатыр. Қазір №1 науқас операция алдындағы тексеруді күтіп отыр.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі – бұл органның шығару жолдарында безді және эпителий тіндерінің бақылаусыз өсуімен сипатталатын қатерлі агрессивті ісік. Аурудың асқынып кеткені сонша, операция өмірді ұзартқанымен, ол ұзаққа созылмайды. Дереккөздердің айтуынша, ең көп дегені 3-4 ай, - деді Котлярский.
Инсайдердің айтуынша, қатерлі ісіктен басқа Путин Паркинсон ауруына шалдыққан, енді оның жағдайы нашарлаған.
Путинге дәрігерлердің талап етуі бойынша жақын арада ота жасалады. Операциядан кейін біраз уақыт өткен соң, Ресей президенті ешнәрсеге қабілетсіз болады. Бұл уақытта оның міндеттерін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің 70 жастағы хатшысы Николай Патрушев атқарады.
Журналист Марк Котлярскийдің айтуынша, президент қайтыс болған жағдайда Ресейді Мемлекеттік кеңес басқарады. Ол Украинамен соғысты тоқтатып, өз әскерін шет аумақтардан шығарады.