Halyq Uni логотип
×

Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды

Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттерін бірден ауыстырмайсыз

 Еркеғали Болатұлы 29.04.2024 | 16:21
Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды
фото: Halyq Uni

«Ұлттық куәландырушы орталық» 2024 жылға жоспарланған өзгерістерімен бөлісті. Оның ең бастысы – ЭЦҚ кілті баяғыдай екі бөліктен тұрмайды, біріздендіріледі.

Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы №727 «Қазақстан Республиасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы оралығының және Қазақстан Республиасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер күшіне енуіне сәйкес (2023 жылғы 1 желтоқсанда №595/НҚ қабылданды), 2024 жылғы 30 сәуірде ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшу іске асырылатындығын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама