Алматыда күзетші мәйітханадағы мүрделерге азғындық жасаған

Еркеғали Болатұлы

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасына қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы («Қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18+ фотолар болған, - деп жазды журналист.

Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 314-бабы санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.