×

Бейжің қаласына әуе рейстері артады

Әуе кемелері күнделікті ұшатын болады

 Динара Амантай 29.04.2024 | 14:21
Фото: aeroport-perpignan.com

Бейжің қаласына әуе рейстері артады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл 27 сәуірден бастап China Southern Airlines әуе компаниясы Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7-ге дейін ұлғайтқан. Осылайша, әуе компаниясы осы бағыт бойынша рейстерді күнделікті негізде орындайтын болады.

Рейстер сыйымдылығы 152-200 орындық «Эйрбас-А320/А321» типті әуе кемелерінде орындалады.

Айта кетсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді. Бұл екі ел арасындағы кедергісіз саяхатқа ықпал етеді.

Рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама