Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен өтетін матчқа Рафаэль Уразбахтин дайындайды
«Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер қызметінен кетті.
Футбол клубының хабарлауынша, ол командадаға басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кетемін деп өтініш жазған. 44 жастағы маман «Қайрат» ФК-ында қала береді.
Кекер команданы 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «Қайрат» 60 матч ойнап, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 ойында тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы уақытта «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.
Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен өтетін матчқа бұған дейін «Қайрат-Жастар» ұжымын басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.