×

Украинада соғысқан қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарулы қақтығыста болған азаматтың аты-жөні аталмай отыр

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 16:54
фото: ашық дереккөз

Iс бойынша сотталушы бес жылдан тоғыз жылға дейiн бас бостандығынан айырылады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  астаналық бөлімі хабарлады.

Қазір ҰҚК қазақстандықтардың шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, іс бойынша сотталушы Украина аумағында соғысқан. Тергеу барысында басқа да деректер қаралады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағында қарулы жанжалға немесе әскери операцияларға қасақана заңсыз қатысуы – жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда – бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген материалда.

Соғысқа қатысқан азаматтың аты-жөні аталмай отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47