12,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды
ТЖМ су тасқыны бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, республика бойынша 38 мың 521 адам өз үйлеріне оралған. Ал 6 мың 726 адам әлі эвакуациялау пункттерінде.
Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 7 млн-нан астам қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.