Кездесуде Жезқазған, Балқаш қалаларындағы «Металлург» спорт кешеннің мәселесі көтерілді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Жезқазған мен Балқаш қалаларына іссапармен барып, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен және өңірдегі футбол функционерлерімен кездесті.
2022 жылы Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. ҚФФ басшысы әкімдіктің қолдауымен облыстық футбол ассоциациясының аз уақыттың ішінде атқарған жұмысына жақсы баға берді.
Кездесуде Жезқазғандағы «Металлург» стадионының алаңын жаңарту мәселесі көтерілді.
Өз кезегінде Әділет Барменқұловтың бұрынғы әріптестері аймақты аралап, футбол төңірегіндегі мәселелерді талқылауға шақырды.
Облыстық футбол ассоциациясының президенті Ғалым Нұржановтың айтуынша, бұл стадионда жергілікті «Ұлытау» футбол клубы Бірінші лигада ойнайды. Жергілікті жас футболшылардың барлығы да осы жерде жаттығу жасап жүр.
ҚФФ президенті өңірде футбол ойнайтындардың саны тез өскенін ескеріп, жасыл алаңды жаңарту үшін жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Осыдан кейін ҚФФ басшысы Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаевпен кездесті. Бұл қаладағы стадион да «Металлург» деп аталады. Оның алаңы 2007 жылы төселген. Одан бері Премьер-лиганың бірнеше ойыны да өткен болатын.
Бұған дейін ALAN бағдарламасына қатысуға қаладағы футбол жарыстары өткізілетін жалғыз спорт кешені туралы өтініш жіберілген еді. Сол себепті ҚФФ президенті Балқаш қаласындағы «Металлург» стадионының жасыл алаңын ALAN жобасы бойынша жаңарту мүмкіндігін қарастыратынын айтты.