Павлодарда ірі кәсіпорын 640 млн теңге салық төлемеген
Прокуратура қадағалау актісін енгізді
Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС жоғарыда көрсетілген КТС сомасын бюджетке төледі.
Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.