Қыран Талапбек: «Базарда шұлықтан бастап шегеге дейін бәрін саттым»

Халық үні

Қыран Талапбек Нью-Йорктегі киноакадемияға оқуға түсу үшін екі жыл бойы тойларда жүріп, ақша жинағанын айтады.

Фото: instagram.com/kyran_talapbek

Белгілі мобилограф Қыран Талапбек базарда жұмыс істеген кездері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

«Базарда шұлықтан бастап шегеге дейін бәрін саттым», - дейді мобилограф журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында. 

Қыран Талапбек Нью-Йорктегі киноакадемияға оқуға түсу үшін екі жыл бойы тойларда жүріп, ақша жинағанын айтады.  

«Көлігім болған, оны да сатып, оқуға түстім. Академияда көп тәжірибе алдым», - дейді ол.

Сонымен қатар, Қыран Талапбектің оқушысы мобилографиямен бір айда 40 миллион теңге тапқанын айтты.