Қыран Талапбек: «Базарда шұлықтан бастап шегеге дейін бәрін саттым»
Қыран Талапбек Нью-Йорктегі киноакадемияға оқуға түсу үшін екі жыл бойы тойларда жүріп, ақша жинағанын айтады.
Белгілі мобилограф Қыран Талапбек базарда жұмыс істеген кездері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
«Базарда шұлықтан бастап шегеге дейін бәрін саттым», - дейді мобилограф журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.
Қыран Талапбек Нью-Йорктегі киноакадемияға оқуға түсу үшін екі жыл бойы тойларда жүріп, ақша жинағанын айтады.
«Көлігім болған, оны да сатып, оқуға түстім. Академияда көп тәжірибе алдым», - дейді ол.
Сонымен қатар, Қыран Талапбектің оқушысы мобилографиямен бір айда 40 миллион теңге тапқанын айтты.