29 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайды, найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.