×

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін балаларының көзінше пышақтап кетті: полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды

адам өліміне дейін оқиға орнына шақыртуға барып, бірақ еш шара қолданбаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды.

 Халық үні 28.04.2024 | 21:45
Фото: Halyq Uni

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін балаларының көзінше өлтірді. Бұл қылмыстық оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД бастығы Нығмет Исмағұлов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, адам өліміне дейін оқиға орнына шақыртуға барып, бірақ еш шара қолданбаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды.

«Полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Нәтижелері бойынша ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Исмағұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Марқұмның туысы әлеуметтік желілерде бұрынғы әйелін екі кәмелетке толмаған баланың көзінше жарақаттағанын жазды. Күдікті мен жәбірленуші 10 жылдан астам уақыт бұрын ажырасқан, бірақ ер адам бұрынғы әйелінің артынан қалмаған. Кісі өлтіру түнінде марқұмның балалары полицияға қоңырау шалған, бірақ тәртіп сақшылары дебоширге тек қорғаныс нұсқамасын жазып, оны марқұмның пәтерінде қалдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама