Медициналық қызметтер халыққа қолжетімді болады: ДСМ тарифтерді қайта есептеді

Динара Амантай

Тарифтер кезең-кезеңімен көтеріледі

Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге шығынды тарифтерді қайта есептеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты – медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2024 жылғы 1 маусымнан бастап қабылданған шешімдерге сәйкес, жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтерілетін болады.

Тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға арналған қалта шығыстарын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру активтерінің есебінен қосымша бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығыстарын оңтайландыру нәтижесінде босатылды және 20 миллиард теңге болды.

Абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыт бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр.

Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.