Жерасты дүмпулері 27 сәуірде сағат 7:44-те тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жерасты дүмпулерін 27 сәуірде сағат 7:44-те тіркеді.
«Жер сілкінісі ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде Қазақстан аумағында тіркелді. Энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы - 4,0», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.