Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм әйел мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген
Орал қаласында өзінің пәтерінен әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды inform.kz.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 сәуір күні болды.
«Қазіргі кезде аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», -деп хабарлады ведомство.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм әйел мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.