Алдағы уақытта облыс отандық кадрларды дайындаудың ордасына айналады
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапарында облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен кездесті.
Кездесуге ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.
Басқосуда федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, Ақтөбеде ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақтөбенің отандық кадрларды дайындаудың ордасына айналатынын атап өтті.
Кездесуде Ғалымжан Елеуов жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.