Halyq Uni логотип
×

Елді мекендерді су баспас үшін 4 өңірдегі жолдар қолдан бұзылды

Олар жергілікті маңызы бар жолдар қатарында

 Дәурен Ерболат 26.04.2024 | 16:35
Елді мекендерді су баспас үшін 4 өңірдегі жолдар қолдан бұзылды
Фото: Halyq Uni

4 өңірде елді мекендерді су баспас үшін автокөлік жолдарын бұзуға мәжбүр болдық. Бұл туралы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Автомобиль жолдарының жиегінде судың көп жиналуы салдарынан жол маңындағы елді мекендерді су басудан сақтап қалу үшін жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ұзындығы 7 метр болатын 9 учаскеде жол төсемі мәжбүрлі түрде бұзылды, - деді Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұл жұмыс төмендегі жолдарда жүргізілген:

Қарағанды облысы

  • «Бастау-Ақтау-Теміртау» жолының 25-шақырымы;

Павлодар облысы

  • «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» жолының 2 учаскесі;

Қостанай облысы

  • «Денисовка-Аршалы-Коморовка» жолының 41-шақырымы;

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдардың 5 учаскесінде:

  • «Жезқазған-Петропавл» жолының 706 және 862-шақырымы;
  • «Булаево-Возвышенка-Қиялы-Рощинское» жолының 208-шақырымы;
  • «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 14-шақырымы;
  • «Волошинка-Сергеевко-Тимирязева» жолының 2-шақырымы.

Жол жиегінде жиналған суды ағызу жұмысы аяқталған соң жолдардың басым бөлігі қалпына келтірілді, - деді Ғалымжан Өтенбаев.

Айта кетейік, бүгінде «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 872-шақырымының Амангелді және Покровка ауылдары арысындағы жол төсемі қалпына келтіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама