×

Жасыл аймақ: аралдықтар да көркейту-көгалдандыру апталғында белсенділік танытып жатыр

Биылғы маусымда Арал қаласында 3 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған

 Динара Амантай 26.04.2024 | 14:40
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Арал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында ағаш көшеттері мен гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған жұмыстарға мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен ерікті жастар атсалысты.

Биылғы маусымда Арал қаласында 3 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Жергілікті жерге төзімді көшеттер таңдап алынды. Аяқ су мәселесі қиындық тудырмас үшін тамшылатып суару әдісі қолданылып жатыр. Бұдан бөлек, орталық көшелерге, демалыс орындарына, саябақтарға гүлдер отырғызылып жатыр. Бүгінгі акцияда қалада 70 түп ағаш, 100 түп гүл көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, акция аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары да жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

Атап өтсек, осы аптадан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама