×

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге аттанды

Олимпиадаға жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2024 | 14:52
Фото: Olympic.kz

27-28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді.

Олимпиадаға жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. 

Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Артем Саркисян (екеуі де – қылыш), София Николайчук (семсер), Ғалым Нұрымов пен София Ақтаева (екеуі де – рапира) ел намысын қорғайды.

Мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан Олимпиадаға жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама