Бірнеше алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Динара Амантай

Ол Мәскеу аумағынан былтыр желтоқсанда ұсталған болатын

Фото: Halyq Uni

Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің 470 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланды.

Айта кетсек, алаяқ былтыр желтоқсанда Мәскеу аумағынан ұсталған болатын.

Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.