Өрттің ауданы анықталып жатыр
Абай облысының өрт сөндірушілері зауыт аумағындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейде зауыттың ашық аумағында күнбағыс шемішкесінің қабықтары өртенген. Өрт болған жерде жедел штаб ұйымдастырылды.
Қосымша өрт сөндіру пойызы мен қоса берілген күштер тартылды. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.