Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Күдікті қамауға алынды
Биыл 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхананы жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тінту барысында шамамен 35 келі синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.