×

Пара спорт: Қазақстан Әлем кубогында күміс медаль иеленді

Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисциплинада 615.8 ұпай жинады

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2024 | 12:26
Фото: Туризм және спорт министрлігігің Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы

Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық  дисцеплинада  615.8 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын жүлдені жеңіп алса, қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен ие болды.

Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Еркін Ғаббасов R10 дисциплинасында кубок иегері, ел тарихында пара оқ атудан алғашқы алтын медальді әкелген болатын.

Бұл жарыста 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетіп жатыр. Дода 1 мамырға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама