Бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден екінші орыннан көрінген болатын
Жеңіл атлетикадан Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы 3 медальді жеңіп алды.
Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдеге ие болса, Иван Сенин онсайыстан 3-орынға табан тіреді.
400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль иеленді.
Бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден екінші орыннан көрінген болатын.