Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 26 сәуірде Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
26 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Алматыда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.