Halyq Uni логотип
×

Үсік, бұршақ, дауыл: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі

 Халық үні 25.04.2024 | 21:38
Үсік, бұршақ, дауыл: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 26 сәуірде Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. 

Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

26 сәуірде Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама