Halyq Uni логотип
×

Еркін күрестен ұлттық құрама соңғы лицензиялық турнирге қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 25.04.2024 | 17:22
Еркін күрестен ұлттық құрама соңғы лицензиялық турнирге қатысады
Фото: UWW

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов мамыр айында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандарды атады.

Ол әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылардың Түркияда өткен «Яшар Догу» турнирінде анықталғанын айтты. Оның айтуынша, Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеу жарысына қатысатын балуандар анықталған. Қазір ұлттық құрамада үш салмақта жолдама жоқ.

Сондықтан Ыстанбұлдағы соңғы турнирге 57 келіде Рахат Қалжан, 65 келі салмақта Адлан Асқаров пен 74 келіде Талғат Сырбаз қатысады. Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады, – деді бас жаттықтырушы.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық турнир 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Олимпиадаға жолдаманы Әлішер Ерғали (97 келі) мен Юсуп Батырмұрзаев жеңіп алса, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 келі) лицензия иеленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама