×

Пара спортшы Еркін Ғаббасов Әлем кубогында жеңіске жетті

Жарысқа еліміздің атынан 5 спортшы қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 25.04.2024 | 15:38
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы

Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін турнирде Еркін Ғаббасов алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды.

Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді. Ал үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен ие болды.

Еркін Ғаббасов биыл наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен Әлем кубогында екінші орынға ие болып, Паралимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алған болатын.

Пара оқ атудан Әлем кубогы 1 мамырға дейін өтеді. Жарыста еліміздің атынан 5 спортшы қатысып жатыр. Олар: Севда Алиева (P2), Санаш Ещанов (R4, R5), Анна Довгелеевич (R2, R3, R10) пен Биғайша Махаева (Р2).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама