×

«Айбын» орденіне даңқты батырлардың есімі беріледі: Сенат заңды мақұлдады

Заң президент берген тапсырмасын орындауды көздейді

 Дәурен Ерболат 25.04.2024 | 14:58
фото: Валерий Бугаев

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы» заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң мемлекеттік награда жүйесін жетілдіруді, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындауды көздейді.

Заңда «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру көзделген.

I дәрежелі «Айбын» орденін Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен, II дәрежелі «Айбын» орденін Бауыржан Момышұлының есімімен, III дәрежелі «Айбын» орденін Рахымжан Қошқарбаевтың есімімен атау ұсынылды, -  деді сенатор Андрей Лукин.

Дауыс беру нәтижесінде заң мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама