Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

Оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды

 Динара Амантай 25.04.2024 | 15:05
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады. Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне тасжолдағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті.

Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғынының сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақтылы төлеу қажеттігін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама