Егде жастағы қазақстандықтар кітапты көп оқиды
Елімізде кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша кітапханаға 15-86 жас аралығындағы адамдар барады. Олардың 65%-ы әйелдер болса, 35%-ы – ерлер.
Кітапханаға оқушылар, студенттер, шағын бизнес өкілдері, зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтіндер жиі барады екен.
Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 48%-ы өздері кітап оқитынын, 35%-ы оқуды ұнататынын, 15%-ы көп оқитынын және 2%-ы оқымайтынын көрсеткен.
Сауалнамаға қатысқан 90% оқырманды кітапханалардың кітап қоры қанағаттандырады.
Респонденттердің 45%-ы кітапханаларға жиі барса, 70%-ы тек жұмыс күндері барады.
Егде жастағы қазақстандықтандың оқуға деген құштарлығы жоғар – 60%.