Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
«Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты», - делінген хабарламада.
Оның соңғы атқарған қызметі - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.