Университтерде жаңа пән енгізілуі мүмкін
Елде геральдистер тапшы
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында студенттер жаңа пәнді оқуы мүмкін. Бұл туралы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Баяжұма айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазір елімізде геральдист мамандары жоқ. Сондықтан алдағы уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігіне шығып, жоғары оқу орындарында геральдика пәнін енгізу мәселесін қарастырамыз, - деді директор ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол саладағы өзекті мәселеге тоқталды.
«Тарихшылар арасында Алтын орда және Алаш заманындағы тулар бойынша өзара келіспеушіліктер бар. Осыған байланысты біз биыл маусымда Геральдика зерттеу орталығының жанынан ғылыми кеңес құрамыз. Бұл мәселені зерттеп жатқан тарихшыларымыз бар. Алайда олардың басын біріктіруіміз керек», - деді Асылбек Баяжұма.