×

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтіріп кеткен болуы мүмкін - полиция

Күдіктілер қамауға алынды

 Халық үні 24.04.2024 | 20:45
фото: Алматы облысының полиция департаменті

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталған.

«Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жаубында.

Еске салайық, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Оның айтуынша, бала сағат 16:00-де үйден шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама